Жамбыл облыстық сотында тергеу судьялары жұмысының сұрақтары бойынша семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Бүгін Жамбыл облыстық сотында қамауға алу түріндегі бұлтартпау шараларын санкциялаумен, бөттеннің мүлігін ұрлауға байланысты, қылмыстардың күрделі сұрақтары бойынша семинар өткізілді.
Қатысып отырған Жамбыл облысы прокуратурасының ішкі істер органдарының қызметкерлері ұялы телефондардың ұрлануына, пәтер ұрлықтарына, мал ұрлықтарына байланысты қылмыстық істер санының көбеюіне қатысты күрделі сұрақтардың бірқатар тізбесін көрсетті.
Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Н.Абидов бұлтартпау шарасын санкциялауда сұрақтарды әділ шешуге қажетті, толықтай дәлелдерді ұсыну қажеттігін атап көрсетті.
Одан бөлек, семинардың қатысушылары ҚПК нормаларының талаптарына қатаң түрде сәйкес процессуалдық әрекеттерді орындау, қылмыстық істің тергелу сапасының сұрақтарын талқылады.
Семинардың қатысушылары процессуалдық заңнаманың нормаларын қолдану сұрақтары бойынша бірлескен оқыту семинарларын өткізу жоспарында ары қарайда ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.
 
Қайнар: Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі