Жамбыл облыстық сотында қалалық, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьяларына семинарлар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облыстық сотында оқыту семинарлары өткізілді. Семинардың мақсаты судьялардың жоғарғы стандартқа және кәсіби құзыреттілікке қол жеткізуі, кәсіби қызметке қажетті тәжірибелік дағдыларды өндіруі болып табылады.
Берілген іс-шаралар Жамбыл облыстық сотының Оқу орталығы жұмысының жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.
Білім беру іс-шараларына Жамбыл облысының қылмыстық және азаматтық істер жөніндегі сот алқаларының төрағалары Н.Абидов, Ж.Рүстембеков, облыстық соттың судьялары М.Қасымов, А.Есенбай, Н.Нұржігітов, С.Төлесбай, Г.Асылбек, сондай-ақ қалалық және аудандық соттардың судьялары қатысты.
Оқыту семинарларының басты тақырыптарының бірі болып облыстың барлық сот корпустарына арналған: «Судьялардың кәсіби қызметіне қажетті соттық дағдылар туралы, жоғарғы моральдық-әдептілік стандарттары» тақырыбындағы семинар болды.
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Н.Абидов облыстың сот корпусының алдында тыңдаушылардың назарын сот төрелігін жүзеге асыруда судьяларға қойылатын жүріс – тұрыс талаптарын сақтау қажеттілігіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы судьялар әдебі Кодексінде қарастырылған соттан тыс жұмыстарды өткізуге аударды. Оларға нәтижесінде судьялардың қателігінен қоғамда жалпы сот жүйесі туралы қате ұғым қалыптасатын сот тәжірибесіндегі түрлі жағдайлардан мысалдар келтірілді. Осыған байланысты, Н.Абидов судьяның процеске қатысушылармен, әріптестерімен, сондай-ақ сот талқылауын жүргізу уақытындағы жүріс-тұрысының өзара қарым-қатынасы жоғарғы моральдық-әдеп нормаларына сәйкес келуі қажет екендігін атап айтты.
Н.Абидов соттардың жаңартылған құқықтық кеңістікте ретке келтірілген жұмыс қарқынынан таймай, азаматтардың, сонымен қатар, заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын сотта әділ қорғауды қамтамасыз етудің маңыздылығын айтып өтті, одан кейін аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары семинарды мамандануы бойынша жалғастырды.
Азаматтық істерді қарауға мамандандырылған судьяларға арналған семинарлар Жамбыл облысының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ж.Рүстембековтың қатысуымен өткізілді. Ол судьялардың алдына сот төрелігін жөнелту сапасын жоғарылату бойынша бірқатар міндеттер қойып, облыс соттарымен татуластыру рәсімдерін кеңінен және ақпараттық технологияларды тиісінше қолданылуына ерекше көңіл бөлді.
Облыстық соттың судьясы М.Қасымовтың: «Сот актілерінің өзгертілу себептері мен қысқартылуы» тақырыбындағы баяндамасында бірінші сатылы соттардың сот актілерінің қысқартылып және өзгертілу себептері көрсетілді. Семинар барысында бөлек судьялармен жіберілген негізгі процессуалдық қателіктерге назар салынды. Қысқартылған сот актілерінің мысалдары бойынша, судьялардың назары материалдық заңның дұрыс түсіндірілуіне аударылды. Сот қателіктерінің себептерін талқылауға қалалық және аудандық соттардың судьялары қатысты.
«Сотқа сыйламаушылық танытқаны үшін жауапкершілік туралы» тақырыбында баяндама оқыған облыстық соттың судьясы А.Есенбай жаза қолдану тәртібі бойынша өзінің ұсыныстарын келтірді. Сонымен бірге сотқа сыйламаушылық танытқан тұлғаларға тәжірибедегі қолданылып жатқан шаралар талқыланды. Берілген семинардың қорытындысы бойынша Оқу орталығымен берілген тақырыпқа методикалық ұсынымдарды жасап шығару бойынша жұмысы мәресіне жетеді.
Судья Н.Нұржігітов «Сот актілерінің қысқартылып және өзгертілу себептері туралы», «Қысқартылған тәртіппен қаралған істер туралы» тақырыптарды жарықтандырып, қылмыстық істерді қарауға мамандандырылған жас судьяларға ҚР Жоғарғы Сотымен қолданылып жатқан нормативтік қаулыларды, қысқартылған тәртіптегі қылмыстық істердің соттармен қаралуының процессуалдық тәртібін меңгеруге, сондай-ақ сот тәжірибесін қадағалауға ұсыным жасады.
Әкімшілік істерді қарауға мамандандырылған судьялардың алдында баяндама оқыған облыстық соттың судьясы С.Төлесбай судьялардың назарын 2017 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істердің қаралуы бойынша соттар жұмысының негізгі қорытындыларына аударды, сот актілерінің қысқартылу және өзгертілу себептерінің талдауына жан-жақты тоқталды.
Білім беру іс-шараларын өткізу қорытындысы бойынша, соттар жұмысы үшін қажетті барлық жағдайдың жасалғандығы, соған сәйкес жұмыста оң нәтижелердің бар екендігі аталып өтілді. Осы ретте облыстың сот корпусы сот төрелігін жүзеге асыру сапасын жақсартуға бағдарландырылды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін, сондай-ақ судья этикасы нормаларын сақтауға бақылауды күшейтуге, соттардың имиджін арттыру жөнінде қосымша шаралар қабылдауға баса назар аудару туралы тапсырма берілді.
                                                    
Қайнар: Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі