Тұрар Рысқұлов аудандық сотында «Талап арыздарды қайтару себептері» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Іс-шараға аудандық соттың судьялары С.Узбеков, Л.Байтленова, аудандық заң кеңсесінің адвокаттары Д.Ноғайбаева, Б.Макаева, М.Абдрахманов, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Н.Джапаркулов және «Құлан таңы» жергілікті газетінің тілшісі М.Өтегенова қатысты.
Өз сөзінде С.Узбеков қазіргі кезде бірінші сатыдағы соттарда жаңадан қабылданған Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексті (әрі қарай тәтін бойынша ҚР АПК) қолдану барысында, соның ішінде сотқа түскен талап арызды қайтару кезінде көптеген қиындықтар кездесетінін және оның бірінші себебі жаңа Кодекстен талап арызды қозғалыссыз қалдыру институтының алынып тасталуымен байланысты екендігін айтты.онымен қатар, С.Узбеков ҚР АПК-нің 14-тарауына тоқталып, қатысушыларға осы тараудың заң нормаларын ескі редакциядағы Кодекспен салыстырды.
Судья Л.Байтленова өз сөзінде аудандық қорғаушыларға және мекемелердің өкілдері сотқа талап арызды беру кезінде ҚР АПК-де көзделген мерзімдердің қатаң сақталуын бақылауда ұстауды ескертті.
Іс-шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.
 
Қайнар: Тұрар Рысқұлов аудандық сотының баспасөз қызметі