Тұрар Рысқұлов аудандық сотында пара беру туралы іс бойынша сот үкімі жарияланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тұрар Рысқұлов аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 367-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен (лауазымды тұлғаға бірнеше рет пара берумен) (әрі қарай мәтін бойынша ҚР ҚК) айыпталған Р-қа қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сотпен анықталғаны, Тәжікстан Республикасының азаматы Р. тасымалдап келе жатқан Тәжікстан азаматтарына тексеріс жүргізбеу үшін Луговая стансасындағы ішкі істер желілік бөлімінің миграциялық бөлімшесінің қызметкерлеріне пара беру туралы қылмыстық ниетпен 19 мамыр 2017 жылы Луговая стансасының теміржол бекетінің ғимаратында орналасқан, К. тиесілі сауда орнында К. 2000 (екі мың) Ресей рублін табыс етті.
29 мамыр 2017 жылы А. тасымалдап келе жатқан Тәжікстан азаматтарына тексеріс жүргізбеу үшін 3500 (үш мың бес жүз) Ресей рублі көлемінде пара берген. 2017 жылы 5 маусымда Р. А-ға одан әрі беру үшін тасымалдап келе жатқан Тәжікстан азаматтарына тексеріс жүргізбеу үшін К. 4000 (төрт мың) Ресей рублі көлемінде пара берген
Сот үкімі бойынша ҚР ҚК-нің 367-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен Р. кінәлі деп танылып, оған осы баппен параның 40 (қырық) еселенген сомасы мөлшерінде, яғни 2 086 800 (екі миллион сексен алты мың сегіз жүз) теңге көлемінде айыппұл салу жазасы тағайындалды, ҚР ҚК-нің 55-бабын басшылыққа алып, қосымша жаза қолданбауды, яғни мүлкін тәркілемеу, белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырмау.
Р. тағайындалған айыппұлды үкім заңды күшіне енген күннен бастап 1 (бір) ай ішінде төлеу міндеттелді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
        
Қайнар: Тұрар Рысқұлов аудандық сотының баспасөз қызметі