Тұрар Рысқұлов аудандық сотында 2017 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз мәжілісі өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Іс шараға  аудандық соттың төрағасы Г.Аманбаев, аудан прокуратурасының прокуроры С.Абдикулов және «Құлан таңы» газетінің тілшісі М.Өтегенова қатысты.
Іс-шарада сот төрағасы Г.Аманбаев,статистикалық мәліметтерді айтты.
2017 жылдың 6  айында 62 тұлғаға қатысты 47 қылмыстық іс қаралған, оның ішінде үкім шығару арқылы 41 тұлғаға қатысты 36 қылмыстық іс қаралған, 11 тұлғаға қатысты 6 қылмыстық  іс медиация тәртібімен аяқталған.     Сот актілерінде Халықаралық конвенцияға  сілтеме жасап 7 қылмыстық іс қаралған.
Есепті кезеңде 258 тұлғаға қатысты 258 әкімшілік іс қаралған, оның ішінде 120 іс бойынша әкімшілік жаза тағайындалған, тараптардың татуласуы арқылы 38 іс қысқартылған. Сот актілерінде Халықаралық  пактіге сілтеме жасап 186 әкімшілік  іс қаралған.
Сондай-ақ, 2017 жылда 564 азаматтық іс қаралған,  оның ішінде 382 іс бойынша шешім шығарылған, 141 іс бойынша сот бұйрығы шығарылып, 27 азаматтық іс қараусыз қалдырылды, 12 азаматтық іс қысқартылған, оның ішінде медиация тәртібімен 10 азаматтық іс қысқартылған, соттылығы бойынша 2 азаматтық іс жолданған. Сот актілерінде Халықаралық конвенцияға  сілтеме жасап 55 азаматтық іс, Халықаралық  пактіге сілтеме жасап 55  азаматтық іс қаралған. 
2017 жылдың  6 айында «Сот кабинеті» сервисі арқылы 556  талап арыз қабылданған.
Бұқаралық ақпарат құралдарында 36 мақала, Жамбыл облыстық сотының сайтында 47 баспасөз-релиз жарияланды, 2 баспасөз-мәжілісі, 17 «Дөңгелек үстел», 12 семинарлық сабақ, 3 «Ашық есік күні» өткізілген.
Іс-шара соңында сот төрағасы БАҚ өкілінің барлық сұрақтарына жауап берді.
        
Қайнар: Тұрар Рысқұлов аудандық сотының баспасөз қызметі