Татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
22 қыркүйек 2016 жылы Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабының  2-бөлігінің 1,2 тармақтарымен, 24-бабының 3-бөлігімен, 188-бабының 3-бөлігімен кәмелетке толмаған В.В-ға қатысты қылмыстық ісі аяқталды.(Ұрлық).
Қылмыстық іс бойынша сотталушы В.В. ұрлық жасағаны сотпен анықталған.
Жәбірленуші  сотталушымен  татуласқаны туралы    жазбаша түрінде арыз  ұсынып,  қылмыстық  істі қысқартуды және оны қылмыстық жауаптылықтан босатуды сұрады.
ҚР ҚК-нің 68-бабының 2-бөлігіне сәйкес қазаға ұшыратумен немесе адамның денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес ауыр қылмысты алғаш рет жасаған кәмелетке толмағандар, егер олар жәбірленушімен, арыз берушімен татуласса, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса және келтірілген зиянды қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылды. Қылмыстық жауаптылықтан босату кезінде кәмелетке толмаған адамға тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шаралары қолданылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ. 
 
Қайнар: Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі