Тараз қаласы №2 сотында сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп, талан-таражға салу фактісі бойынша қылмыстық іс қаралып аяқталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысы  Тараз қаласы  №2 сотында  Қазақстан Республикасы ҚК-нің 189-бабының 2-бөлігінің 2,3-тармақтарымен (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) айыпталып сотқа берілген Ә-ге  қатысты қылмыстық іс қаралып аяқталды.
«Казпочта» АҚ ЖОФ-ның директорының 05.02.2007 жылғы №43 К/4 бұйрығы негізінде сотталушы Ә. «Қазпочта» АҚ-ның Жамбыл облысы филиалының Тараз қалалық №1 пошта байланыс бөлімінің операторы лауазымына тағайындалған.
Ә. өзінің бекітілген қызметтік өкілеттігіне сай оның жауапкершілігіне берілген материалдық құндылықтарды сақтауға, құндылық-ақшалармен жүргізілген операцияларды белгіленген ережелерге сәйкес қатаң орындауға оларды сақтауға, сеніп тапсырылған материалдық құндылықтардың тауар-ақша және басқа да есебін, олардың басқа да қозғалысы мен қалдықтары туралы белгіленген тәртіпте есеп жүргізуі тиіс.
Алайда, айтылған құзыреттерге ие бола тұра және материалдық құнды заттарға, қаражатқа жауапты қызметкер бола тұра, өзінің бас пайдасына артықшылық алу мақсатында, қызмет жағдайын пайдаланып, сеніп тапсырған ақша қаражаттарды бірнеше рет иеленіп алуды келесі жағдайда жасаған.
«Казпочта» АҚ-ның құрамдас бөлімшелері мен филиалдарында ақшалай құндылықтардың және өзге де құнды сәлемдемелердің кірісі мен шығысы «Colvir» және «Сортировочный центр» жүйелері арқылы жүзеге асырылады. Ә. сәлемдемесі үшін төленген ақша қаражаттарын «Казпочта» АҚ арнайы «Colvir» бағдарламасына енгізбей, яғни төлемді кіріске алмай, бірнеше рет иеленіп алу туралы қылмыстық пиғылын жүзеге асырған, яғни 670 232 теңге ақша қаражаттарын иемденіп, өзінің бас пайдасына жаратқан.
Сонымен Ә, өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті бірнеше рет, қызмет бабын пайдалану арқылы ұрлаған.
Тараз қаласы №2 сотының үкімімен Ә. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 189-бабының 2-бөлігінің 2,3-тармақтарымен (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) кінәлі деп танылып, оның меншігіндегі қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкі тәркіленіп, «Қазпочта» АҚ-да барлық лауазымды жұмыс атқару құқығынан 2 (екі) жыл мерзімге айырыла отырып, 2 (екі) жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 27-VІ «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының 2-бабының 3-бөлігінің 1-тармағына сай Ә. негізгі бас бостандығын шектеу жазасынан босатылған.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.      
 
Қайнар: Тараз қаласы № 2 сотының баспасөз қызметі