Тараз қаласы №2 сотында «Айыппұл түрінде бекітілген жазаны және айғақ заттарды жоюды орындау» тақырыбында дөнгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тараз қаласы №2 сотында айыппұл түрінде бекітілген жазаны және айғақ заттарды жоюды орындау кезінде туындаған күрделі мәселелерді шешу және жан-жақты талқылау мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс шараға соттың төрағасы Н.Жамашов, Тараз қаласы №2 сотының судьясы Н.Дауылбаев және арнайы шақырылған Тараз қалалық прокурорының орынбасары А.Дәулеталдин, Жамбыл көлік прокуратурасының орынбасары Б.Қыдырәлі, ІІБ-ң 1-ші полиция бөлімі басшысының тергеу істер жөніндегі орынбасары С.Үйсенбаев, Жамбыл станциясындағы ІІБ ЖБ ТБ бастығы Ө.Шотанбаев, ІІБ-ң 2-ші полиция бөлімі басшысының тергеу істер жөніндегі орынбасары Р.Жаңабаев, ІІБ-ң орынбасары А.Вдовицын қатысты.
Өз баяндамасында Н.Дауылбаев, айыппұл қолдану шеңбері іс жүзінде барлық қылмыс және қылмыстық теріс қылықтарға кеңейтілгенің белгіледі. Айыппұлдың мазмұнында негізгі зауалды элементі болып ақшалай ұсталымдар болып табылады, белгіленген айыппұлдың мөлшері көп болған сайын, осы зауалды жазаның күші ұлғая түседі. Қылмыс бойынша айыппұлдан жалтару бас бостандықтан айырылуға әкеліп соқтыратының ескере отырып, оның шынайы орындалуын көруге болады екендігін атап өтті.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес, сотталушы сот үкімі заң күшіне енген күннен бастап бір ай ішінде айыппұлды өтеуге міндетті. Осыған қарамастан, бүгінгі таңда Тараз қаласы №2 соты осы кезеңді өткен жылмен салыстырғанда орындау көрсеткіштері неліктен төмендетілгенін анықтап, осы мәселе бойынша үкімдердің орындалмау себептерін шеттеу қажет.
Іс-шара аясында қатысушылар өз ойларымен толық бөлісіп, айыппұл түрінде жазаға қарасты туындаған мәселелерді жан жақты талқылады.
Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша қатысушылар осы мәселені бұдан әрі кең көлемде бақылау және сараптамалау қажет екендігі туралы шешімге келді.
                                                                        
Қайнар: Тараз қаласы № 2 сотының баспасөз қызметі