Тараз қаласы №2 сотында «Ашық есік күні» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Ашық есік күнін өткізу барысында Тараз қаласы №2 сотының төрағасы Н.Жамашов түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Аталған іс-шарада Тараз қаласының тұрғыны С.Алиева қатысып, қылмыстық істерді қарау барысында медиацияны өткізу тәртібіне байланысты сұрақтарын қойылған.
Сот төрағасы Н.Жамашов қойылған сұрақтарға қылмыстық, қылмыстық- процесуалдық және «Медиация туралы» заң нормаларына  сүйеніп жауап берді.
Осындай іс-шаралар сотпен әрдайым өткізіліп, мақсаты тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениеттің көтерілуі, сот жүйесіне тұрғындардың сенімін жоғарылату болып табылады.
 
Қайнар: Тараз қаласы №2 сотының баспасөз қызметі