Тараз қалалық сотында «Гендерлік саясат» тақырыбында семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тараз қалалық сотының судьясы Е.А.Смаилов «Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясат» тақырыбында семинар өткізді. Іс-шараға қалалық соттың судьялары қатысты.
Смаилов Е.А. өз сөзінде, қазіргі уақытта Қазақстандағы гендерлік саясат Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес атқарылып жатқандығын, Қазақстан БҰҰ–ның және тағы басқа әйелдердің құқықтарын қорғайтын халықаралық ұйымдардың Конвенциялары және Декларацияларына қосылған, соның нәтижесінде әйелдердің саяси құқықтарының іске асырылуы мен жасырын және ашық гендерлік дискриминацияны жеңу жұмысының ахуалы  жоғарылағанын атап өтті.
Семинарға қатысушылар тақырып бойынша пікірлерін білдіріп, Қазақстандағы гендерлік саясаттың негізгі принциптері, басымдылықтары мен міндеттерін айқындады.
                                                                        
Қайнар: Тараз қалалық сотының баспасөз қызметі