Тараптар бітімгершілік келісімге келді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен талап қоюшы «Д.А.С.-Контроль-Сервис» ЖШС-нің жауапкер «Talas Investment Company» ЖШС-нен қарыз сомасын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды. Азаматтық істі қарау барысында тараптар бітімгершілік келісімге келді және сотқа келісімді бекіту туралы арызбен жүгінді. Бітімгершілік келісімнің шарттары бойынша талапкер  «Д.А.С.-Контроль-Сервис» ЖШС-гі жауапкерден 20.02.2015 жылы жасалған №23 екіжақты келісімшартқа сәйкес шығындарды өндіру туралы барлық талаптарынан бас тартады, ал жауапкер «Talas Investment Company» ЖШС-гі барлық қарыз сомасын 6 475 742 теңгені екі траншпен, яғни жарты қарыз сомасын 3 000 000 теңгені 30 наурыз 2017 жылға дейін, қалған 3 475 742 теңге қарыз сомасын 30 сәуір 2017 жылға дейін төлеуге міндеттенеді. Сот тараптарға жасалған процессуалдық келісімнің салдарын ескертіп, бітімгершілік келісімді бекітті. Талап қоюшыға мемлекеттік баж салығы бюджеттен қайтарылды.
Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.
                                                  
Қайнар: Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі