Студенттер ашық сот отырысына қатыстырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурстық орталығының» бастамасымен Тараз қаласы №2 сотында Жамбыл Политехникалық коледжінің заң факультеті студенттерімен «Қылмыс – қоғам дерті» тақырыбында семинар тренинг өткізілді.
Теория мен практиканы ұштастыру мақсатында Жамбыл Политехникалық коледжінің заң факультетінің студенттері судья Н.Дауылбаевтың төрағалығымен өткен ашық сот отырысына қатыстырылды. Сот процесінен кейін студенттермен әнгімелесу жүргізіліп, туындаған сұрақтарға жауаптар берілді.
Іс-шараның  мақсаты жастар арасындағы қылмыстың алдын алу және олардың құқықтық мәдениетін жоғарылату болып табылады.
 
Қайнар: Тараз қаласы № 2 сотының баспасөз қызметі