Сот жұмыстан заңсыз шығарылған кәсіпорын басшысын қызметіне қайта орналастырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жұмыс берушіге белгісіз себептермен жұмыста бір айдан артық болмағаны үшін жұмыстан босатылған "Т." ШЖҚ КМК басшысын сот қызметіне қайта орналастырды.

Сотпен анықталғандай, талап қоюшы Б. 2020 жылдан бастап кәсіпорынның басшысы болып қызмет атқарған. Алайда, жергілікті атқарушы органның (бұдан әрі-жұмыс беруші) 2023 жылғы 17 шілдедегі бұйрығымен лауазымынан босатылған.

Жұмыстан босату кезінде талап қоюшы уақытша еңбекке жарамсыздық парағында болған, ол туралы телефон арқылы өзінің қызметкері К.-ға хабарлаған. Алайда жұмыс берушіге белгісіз себептермен уақытша еңбекке жарамсыздық парағы ұсынылмаған.   

Сотта жауапкердің өкілі талап арызды мойындамай, талап қоюшы жұмыс берушіге уақытша еңбекке жарамсыздық парағында екендігі туралы хабардар етпегенін және медициналық құжаттарын тек жұмыстан босату туралы бұйрық шыққаннан кейін ұсынғанын айтып көрсетті.

Сот жұмыс берушінің бастамасы бойынша қызметкердің жұмыс берушіге белгісіз себептермен бір айдан астам жұмыста болмағандығы негізінде (Еңбек кодексінің 52-б. 1-б. 25-т.) еңбек шартын бұзу негізсіз болып табылады деген қорытындыға келді, себебі қызметкер көрсетілген кезеңдерде еңбекке уақытша жарамсыздық парағында болған.

Аталған факті еңбек уақытын есептеу графигімен расталады, яғни талап қоюшының жұмыста болмаған кезеңіне «Б.» белгісі, яғни уақытша еңбекке жарамсызыдық парағында болу туралы қойылған. Сонымен қатар, жалақысы мен табысы туралы ұсынылған анықтамаға сәйкес, қаражат уақытша еңбекке жарамсыздық парағында болуына байланысты жүргізілген.  

Сот шешімімен еңбек шартын бұзу туралы бұйрық заңсыз деп танылды, талап қоюшы бұрын атқарған лауазымына қайта арналастырылды, мәжбүрлі түрде бос жүрген уақытқа 1,6 млн. теңгеден астам сомада жалақысы және моральдық зиянның өтемақысы үшін 100 мың теңге өндірілді.

Сонымен қатар, заңнаманың бұзылуына жол бермеу мақсатында сот атқарушы органның атына жеке ұйғарым шығарды.

Сот актілері заңды күшіне енген жоқ.

 

Тұрар Рысқұлов аудандық сотының баспасөз қызметі