Сот залынан

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талап қоюшы А. өз арызында  04.01.2013 жылы кредитке 130 000 теңге тұратын Ноутбуг сатып алғанын, ол Ноутбугті жауапкер  К. уақытша пайдаланымын деп алып Алматы қаласында сатып, ақшаны өзінің бас пайдасына жаратып қойғанын көрсетіп, жауапкер К-нан Ноутбуктің құны 130 000 теңге өндіруді  сұраған.

Сотта тараптар қоғамдық медиатор Т. Расиловтың қатысуымен түзілген дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту туралы өтініш түсірген.

Сот аталған медиативтік келісімді бекіту  тараптар мен үшінші тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарына қайшы келмейді деп тұжырымдап, талап қоюшыға, жауапкерге келісімді бекітудің және іс бойынша іс жүргізуді қысқартудың  салдарын түсіндіріп,  аталған  азаматтық ісі бойынша медиативтік келісімді бекіту мен  іс жүргізуді қысқарту туралы ұйғарым қабылдады.

Тараптар дауды реттеудің баламалы әдісі – медиация рәсімінің  тиімді екеніне көз жеткізгендендерін айтқан, себебі  бұл іс бойынша шешімді тараптардың өзі қабылдаған, ал медиатор құпиялық  пен тең құқықтылық принціпі  негізінде  әрекет еткен. 

Шу аудандық сотының баспасөз қызметі