Сот бұйрығын шығару туралы арызды электрондық форматта қарау

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Сарысу аудандық сотында «Сот бұйрығын шығару туралы арызды электрондық форматта  қарау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелге кеңсе меңгерушісінің міндетін атқарушысы С.Асқарбекова, бас маман Ғ.Данярова, бас маман-сот мәжілісінің хатшылары С.Садуакасова, Ә.Утеева, Сарысу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының өкілі Ә.Мәдібек, «Көгалдандыру және көріктендіру» ЖШС-нің өкілі Б.Абилдаева, «Жаңатас-Су-Жылу» КМК-ның өкілі Н.Жанадилова қатысты.
Ғ.Данярова өз баяндамасымен Жоғарғы Сот Төрағасының тапсырмасын орындау мақсатында 2017 жылғы 17 шілдеден бастап Республика соттарында сот бұйрығын шығару туралы арыздардың қаралуы электронды форматта қарастырылуда екендігін айтты.
Сонымен қатар, сот бұйрығын шығару туралы арыз сотқа қағаз тасығышта түскен кезде арызбен оған қоса берілген құжаттар сканерден өткізіліп, СО "Төрелік" ААТЖ-на салынатынын, сонан соң кеңсе қызметкерлерімен тіркелетінін және автоматты түрде бөлінгеннен кейін судьяға қарау үшін электрондық форматта жолданатынын, судьямен сот бұйрығын шығару туралы арыздың қаралуы, оның ішінде сот актісінің жасалуы, орындалуға жолдануы тек қана электрондық форматта жүргізілетінін айтты.
Шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.
 
Қайнар: Сарысу  аудандық сотының баспасөз қызметі