Сарысу аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Сарысу аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбында дөңгелек үстел өтіп, оған аудандық сотының кеңсе меңгерушісінің м.а. С.Аскарбекова, жергілікті «Сарысу» газетінің тілшісі Г.Байбосынова  және соттың мемлекеттік қызметшілері қатыстқан.
С.Асқарбекова өз баяндамасымен мемлекеттік қызметті атқаруда қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенімді білдіретінін, мемлекеттік қызметшілердің  адамгершілік пен іскерлік қасиеттеріне жоғары талаптар қойылатынын айтты.
Тіркелген сыбайлас жемқорлық қылмыстардың арасында ең көбі қызметтік жалғандық жасау, қызмет өкілеттілігін теріс пайдалану, пара алу құрайды екен.
Мемлекеттік қызметшілер назарына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңын сақтау және мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары мен қылмыстарының алдын алу және жою туралы жеткізілді. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтарды жасаған кезде пайда болатын зардабы, сонымен қатар жасағаннан кейін келетін теріс салдары туралы түсіндірілді. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы қылмыстық істерді қарау тәжірибесінен мысалдар келтірілді.
Дөңгелек үстел соңында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты.
 
Қайнар: Сарысу аудандық сотының баспасөз қызметі