Рақымшылық қолданылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тұрар Рысқұлов аудандық сотында азамат А.Ш. ға қатысты, ҚР ҚК-нің 346 бабы 1 бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша қылмыстық ісі қаралды.
Іс материалдары бойынша, 31 қазан 2016 жылы, сағат 16:00 шамасында сотталушы А.Ш., бұрын көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған тұлға бола тұра, «Тойота Камри» автокөлігін мас күйінде басқарған. Нәтижесінде Меркі ауылы бағытында, Батыс Европа-Батыс Қытай тас жолының 435-шақырымында,  полиция қызметкерлерімен ұсталған.
Сот отырысында, сотталушы А.Ш. өзінің кінәсін толық мойындап, жасаған іс әрекетіне шын жүректен өкінетіндігін көрсетіп, соттан «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңын қолданып, негізгі жазадан босатуды сұрады.
Сотталушыға жаза тағайындағанда, сот, оның бұрын сотталмағандығын, кінәсін толығымен мойындап шын жүректен өкінетіндігін, жақсы жағынан мінездемесі бар екенін, оның жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде назарға алды.
Сот қаулысымен, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1- бөлігіндегі қылмыстық теріс қылықты жасауда айыпталған  А.Ш. «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР-ның Заңының 6-бабының 1-бөлігінің негізінде, рақымшылық жасау актісіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылып, тоқтатылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
 
Қайнар: Тұрар Рысқұлов аудандық сотының баспасөз қызметі.