Мемлекеттік қызметкерлер арасында семинар сабағы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Шу аудандық сотында кеңсе менгерушісі Р.Бекетова және сот мамандарының  қатысуымен  «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының негізгі қағидаттары» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.
Кеңсе меңгерушісі өз баяндамасында «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексіне» сәйкес мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатынын және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қоятынын атап өтті.
Семинар барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік қарым-қатынастағы және қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттары Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет» туралы Заңының қағидаттары, олардың негізгі құқықтары мен міндеттері, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқы туралы сұрақтар талқыланды.
 
 
Қайнар: Шу аудандық сотының баспасөз қызметі