Медиация тәртібімен қылмыстық іс тоқтатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Шу аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188 бабы 1 бөлігімен /ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру / айыпталған Е-ке қатысты қылмыстық ісі қаралды.
Іс материалдары бойынша Е. 2016 жылдың маусым айының 10 күні сағат 03-00-де Шу қаласында туратын әкпесі Х-нің үйінде бола тұра, оған тиесілі «Samsung J2» маркалы ұялы телефонын құны 49 000 (қырық тоғыз мың) тенге тұратын және әйелдер сөмкесінен 153 000 (бир жүз елу үш мың) теңгені жасырын түрде үрлап, Х-ға  202 000 (екі жүз екі мың) теңге мөлшерінде материалдық залал келтірген.
Сот барысында сотталушы мен жәбірленуші өзара татуласып, медиатордың көмегіне жүгініп, онда сотталушы жәбірленушіге келтірілген моралдық және материалдық шығынды өтеп беруіне байланысты келісім жасап, соттан оны бекітіп, қылмыстық істі тоқтатуды сұраған.
Соттың қаулысымен медиативтік келісім бекітіліп, қылмыстық іс тараптардың медиация тәртібімен татуласуына байланысты тоқтатылды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
 
Қайнар: Шу аудандық сотының баспасөз қызметі