Қылмыстық іс жүргізуде медиация

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тараз қалалық №2 сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188 бабының 1 бөлігімен /ұрлық/ айыпталып сотқа берілген Н. қатысты қылмыстық істің қаралуы аяқталды.
Іс материалынан, Н. 04 наурыз 2017 жылы сағат 20.00 шамасында Тараз қаласы Айтеке би көшесі 1 үйде орналасқан «Алсер»  дүкенінде басқа адамдардың назар аудармай тұрған сәтін пайдаланып И-ның әйелдер сөмкесінен әмиянын алып, дүкеннен шығып, оқиға орнынан бой тасалап, 26 000 (жиырма алты мың) теңге залал келтірген.
19 сәуір 2017 жылы сағат 09.30 шамасында Тараз қаласы Абай көшесі 121 үйде орналасқан «Сабайон» дәмханасына кіріп, дәмхана барының бағанында тұрған М-ға тиесілі «Самсунг Галакси С4» маркалы ұялы телефонын ұрлап, 100 000 (бір жүз мың) теңге залал келтірген.
19 сәуір 2017 жылы сағат 11.00 шамасында Тараз қаласы Төле би көшесі 61 «Г» үйде орналасқан «Ақ-Отау» дәмханасына кіріп, үстелде тұрған С-ға тиесілі «Самсунг Галакси С4» маркалы ұялы телефонын ұрлап, 60 000 (алпыс мың) теңге залал келтірген.
Басты сот талқылауы барысында М. және С-дан сотталушы Н-пен татуласқаны жайлы, келтірілген залалды толық өтегені және оған басқа ешқандай талаптары жоқ екендігі туралы айтып, арыз келтірген. Осы негіздерге сай, жәбірленушілер қылмыстық істі қысқартуды сұраған. Сонымен қатар, С. сотқа дейінгі тергеу барысындағы берілген азаматтық талап-тілегінен де бас тартқан. И-ның қорғаушысынан да сотталушымен татуласқаны, залал өтелгені, қылмыстық істі қысқартуы туралы және оған басқа ешқандай талаптары жоқ екендігі туралы нотариалды куәландырылған арызы ұсынылған. Н. талап—тілектерді қуаттап оны қанағаттандыруды сұраған.
Сот қаулысымен қылмыстық іс тараптардың медиация тәртібімен келісімге келуіне, келтірілген залалдың толық өтелуіне байланысты өндірісімен қысқартылды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
 
Қайнар: Тараз қаласы № 2 сотының баспасөз қызметі