Қылмыстық іс медиациялық келісім жасалуымен тоқтатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жуалы аудандық соты, азамат С. қатысты, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 200 бабы 1 бөлігі (автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу, айдап кету) бойынша қылмыстық іс қарады.
Іс материалдары бойынша, 2017 жылғы 7 маусымда сотталушы С., Б.Момышұлы ауылында өзінің үйінде спирттік ішімдігін ішіп отырып, өзінің көршісі А. автокөлігін иеленіп алып, «Теріс» өзеніне қарай айдап кеткен. Сол күні кешкісін аталған автокөлікті Б.Момышұлы ауылы бағытына қарай жүргізіп бара жатқан кезде полиция қызметкерлерімен ұсталған. Нәтижесінде С. өзінің іс-әрекетін аяғына дейін жеткізе алмаған.
Сот мәжілісінде сотталушы жасаған іс әрекетіне өкініп, жәбірленушіден кешірім сұрады. Жәбірленуші болса сотталушыға талабы жоқ екенін айтып, медиатор арқылы келісімге келулеріне байланысты қылмыстық істі тоқтатуды сұрады.
Сот, анықталған мән-жайды зерттеп, ҚР ҚПК-нің 35-бабының 1-бөлімінің 5-тармағын басшылыққа алып, айыпталушыға қатысты жеке айыптау туралы қылмыстық іс бойынша тараптардың медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізгені туралы келісім түсуіне байланысты іс жүргізуін тоқтатты.
Жуалы аудандық сотының қаулысымен, тараптардың медиациялық тәртіппен бітімгерлікке келуіне байланысты қылмыстық іс өндірісімен тоқтатылды.
Сот қаулысы заңды күшіне еңген жоқ.
 
Қайнар: Жуалы аудандық сотының баспасөз қызметі