Қылмыстық іс медиация тәртібімен қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тараз қаласының №2 сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық көдексінің 24-бабының 3-бөлігімен, 191-бабының 1-бөлігімен /қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу, тонау /айыпталып сотқа берілген А-қа қатысты қылмыстық істің қаралуы аяқталды.
Іс материалынан, 02.05.2017 жылы шамамен сағат 08.30-да, А. бөтеннің мүлкін ашық жымқыру жолымен материалдық пайда көру мақсатында Тараз қаласы Төле би көшесінде орналасқан «Чайка» қоғамдық көлік аялдамасынан №44 автобус көлігіне мінген. Содан А жолаушы К-ның сөмкесінен «Самсунг Галакси С4» маркалы құны 75 000 (жетпіс бес мың) теңгені құрайтын ұялы телефонын, бір дана 10 000 (он мың) теңгелік ақшалай купюрасын алған. А-ның заңсыз әрекетін көріп К. ұрланған заттарын қайтаруды талап етіп, өз ұялы телефонын тартып алған сәтте К. автобус көлігінің аялдамаға тоқтағанын пайдаланып, көліктің салонынан ақшалай 10 000 (он мың) теңгемен асығыс түрде түсіп кеткен. Бірақ, қылмыстық әрекеті соңына жетпей К-ның көмек сұрау өтінішімен, А. жүргіншілердің көмегімен ұсталған.
Басты сот талқылауы барысында тараптар арасында дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі жасалған.
Сот қаулысымен қылмыстық іс тараптардың медиация тәртібімен келісімге келуіне байланысты өндірісімен қысқартылды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
 
Қайнар: Тараз қаласының № 2 сотының баспасөз қызметі