Қордай аудандық сотында 2017 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз мәжілісі өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қордай аудандық сотында 2017 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз мәжілісі өтті.
Іс-шараға аудандық соттың төрағасы С.Тұрғынбаев, сот кеңсесінің кеңсе меңгерушісі К.Алимжанов, судьялыққа үміткер С.Чарипбекова және «Қордай шамшырағы», «Вестник потребителя и предпринимателя» газеттерінің тілшілері қатысты.
Сот төрағасы С.Тұрғынбаев өзінің баяндамасында тілшілерге аталған кезеңде сотпен атқарылған жұмыстардың статистикасын мәлімдеді. 2017 жылдың алты айында аудандық сотпен 129 адамға қатысты 149 қылмыстық іс қаралған, оның ішінде үкім шығару арқылы 97 адамға қатысты 89 іс қаралған, оның ішінде 3 адам ақталған, 11 қылмыстық іс медиация тәртібімен аяқталған. Бейне жазба кұралдарымен қолдану арқылы 127 қылмыстық іс қаралды.
20 қылмыстық іс прокурорға қайтарылған, оның ішінде 9 адамға қатысты іздеу жариялау үшін, 7 адамға қатысты ҚР ҚПК-ң 323 бабын бұзу бойынша кемшіліктерді жою үшін және 2 адамға қатысты ҚР ҚПК-ң 626 бабының 1 бөлігі, 1,2,3 тармақшасының тәртібіне сай жолданған, 2 адамға қатысты басқа негіздер бойынша жолданған.
Халықаралық конвенцияға сілтеме жасап 30 қылмыстық іс, оның ішінде халықаралық пактіге сілтеме жасап 3 қылмыстық іс қаралды.
Аталған есеп мерзімінде 947 тұлғаға қатысты 947 әкімшілік іс қаралған, 3 әкімшілік іс медиация тәртібімен аяқталды, бейне жазба кұралдарымен қолдану арқылы 946 әкімшілік іс қаралды. Халықаралық пактіге сілтеме жасап 916 қылмыстық іс қаралды
Сондай-ақ, 2017 жылдың 6 айында 685 азаматтық іс қаралды, оның ішінде 372 шешім, 216 сот бұйрығы шығарылған, медиация заңнамасы арқылы 41 азаматтық іс, 1 іс бітімгершілік келісімімен аяқталған, партисипативтік келісімімен 1 азаматтық іс аяқталған, бейне жазба кұралдарымен қолдану арқылы 314 азаматтық іс қаралды.
6 айдың есеп беру аралығында Қордай аудандық сотымен бұқаралық ақпарат құралдарында 51 мақала, Жамбыл облыстық сотының сайтында 44 материал жарияланды, 2 баспасөз-мәжілісі, 3 брифинг, 13 «дөңгелек үстел», 27 семинарлық сабақ, 6 «ашық есік күні» өткізілген.
Соңында С.Тұрғынбаев, сот жүйесінің деңгейін одан әрі алға ілгерілету мен сот жүйесінің беделі және халықтың сотқа деген сенімін жоғарылату мақсатында атқарылар істің көптігін атап өтті. 
Баспасөз мәжілісін қорытындылай келе, С.Тұрғынбаев  БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
 
Қайнар: Қордай аудандық сотының баспасөз қызметі