Кәмелетке толмаған балалың мүддесінен артық болған ақша

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында талап қоюшы Б. жауапкерлер А. мен Г.-дан алимент мөлшерін азайту туралы азаматтық ісі қаралды.
Б. сотқа берген талап арызында А.-ның пайдасына  асырап-бағу үшін табысының және (немесе) өзге де кірісінің 1/6 бөлігін, Г.-ға екі сот бұйрығы негзінде пайдасына асырап-бағу үшін табысының және (немесе) өзге де кірісінің 1/3 бөлігіе азайтып беруін сұраған.
«Бала құқықтары туралы Конвенцияны ратификациялау туралы» заңы мен   «Неке және отбасы туралы» кодексінде көзделген  кез –келген бала өмір сүруге құқылы, жеке азаттыққа, жеке өмірі мен ар-намысына тиіспеушілікке, балаға тиіспеушілік туралы кепілдік және оны  қорғауды мемлекет жүзеге асырады. Ата-аналар басты баланың тәрбиесі мен дамуына міндетті.  Қамқорлықтың  негізі пәнінің  ең жақсысы баланың мүддесі болып табылады.
Сот талап арызды қарау барысында кәмелетке толмаған балалың мүддесіне байланысты аса мән берген. Талап арызда көрсетілген талаптары қабылдамау  талап қоюшының өзімен бірге тұрмайтын баласының құқығын бұзғандығы, кәмелетке толмаған балалар бөлек тұрсада бірге тұрған баланың құқықтарымен тең деп есептеледі.
Соттың шешімімен Б.-ның алимент мөлшерін азайту туралы талап арызы қанағаттандырусыз қалдырылды.
Сот шешім заңды күшіне енген жоқ.
 
Қайнар: Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі