Кезекті іс бітімгершілік келісім тәртібімен тоқтатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен талап қоюшы ЖК «П» жауапкер «А» ЖШС-нен 9 604 831 (тоғыз миллион алты жүз төрт мың сегіз жүз отыз бір) теңге көлемінде тұрақсыздық айыбын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.
Азаматтық істі қарау барысында тараптар бітімгершілік келісімге келді және сотқа келісімді бекіту туралы арызбен жүгінді. Бітімгершілік келісімнің шарттары бойынша жауапкер тұрақсыздық айыбы 2 000 000 (екі миллион) теңге көлеміндегі қарыз сомасын 5 күн (банктік күндер) ішінде төлеген жағдайда, талап қоюшы мерзімі өткен жалдау ақысының тұрақсыздық айыбынан  бас тартады.              .
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 177, 178, 277-бабының 5-тармағына  сәйкес  тараптар дауды бітімгершілік тәртібімен реттеу келісіміне келген жағдайда, сот іс бойынша өндірісті қысқартады.
Сот ұйғарымымен бітімгершілік келісімі бекітіліп, іс өндірісімен тоқтатылды.
Талап қоюшыға төленген 103 951 (бір жүз үш мың тоғыз жүз елу бір) теңге мемлекеттік баж төлемі қайтарылды.
Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.  
 
Қайнар: Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі