Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық) айыпталған 20 жасар қыз ұрлық үшін бір жылға сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Іс құжаттарына сәйкес, А.Б.Рахманқұлова 24.07.2016 жылы,  Тараз қаласы Әйтеке би көшесі бойында орналасқан «Ева» сұлулық салонынан, айна алдынан маркасы «iPhone - 6», ақ түсті, құны 400 000 теңге тұратын, жәбірленуші М.Д.Жаксигуловаға тиесілі ұялы телефонын көріп, ұрлық, яғни, бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру ойы туындап, қылмыстық ойын ақырына дейін жеткізу мақсатында жан-жағына қарап, ешкімнің назар аудармай тұрғанын пайдаланып, аталған ұялы телефонды жасырын жымқырып, жәбірленуші М.Д.Жаксигуловаға 400 000 теңгеге материалдық шығын келтіріп, оқиға орнынан бой тасалаған.
Тараз қаласы №2 сотының 15.09.2016 жылғы үкімімен А.Б.Рахманқұлова Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық)  кінәлі деп танылып және оған осы бап бойынша дүние-мүлкін тәркілемей, 1 (бір) жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, шектеу жазасының мерзімі ішінде пробациялық бақылау белгіленді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қайнар: Тараз қаласы №2 сотының баспасөз қызметі