Ірі мөлшерде бөтен мүлікті талан-таражға салу қылмысы бойынша үкім жарияланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жуалы аудандық соты, азаматша  О.-ға қатысты, ҚР ҚК-нің 189 бабы 3 бөлігі 1 тармағы (Ірі мөлшердегі сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу, яғни жымқыру) бойынша қылмыстық істі қарады.
Іс материалдары бойынша, 02.05.2005жылдан бастап сотталушы О.-ва ЖШС «Жаңа өмір» газетінде бас есепшісі қызметін атқарған. Жұмысшылардың еңбек ақысын дұрыс есеп жүргізу, тиісті төлемақыларды әзірлеу, іс-сапар шығындарының есебін жүргізу, материалдық құнды заттарға, қаражатқа жауапты қызметкер бола тұра, өз қызмет бабын пайдаланып, 2014 жылғы қаңтар мен 2017 жылғы ақпан айлары аралығында өзінің жеке жұмыс компьютеріндегі «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ң «Заңды тұлғалары үшін Интернет-банкинг» жүйесі арқылы өзіне сеніп тапсырылған 49 пайыз үлесі жеке құрылтайшысындағы, ал 51 пайызы Жуалы аудандық әкімдігінің қаржы бөліміндегі, яғни бақылау пакеті мемлекет меншігіндегі «Жаңа өмір»-«Новая жизнь» қоғамдық-саяси газеті ЖШС-ң есеп шотындағы бюджеттік қаражаттарды аудару құқықтарын өз мүддесіне пайдаланып, төлем тапсырыстарында ай-сайын есептелген еңбек ақы мен өзге де төлемдерден тым өзгеше соммаларды көрсете отырып, еңбек ақысы, еңбек демалысының қаражаты, сауықтыру жәрдемақысы, уақытша еңбекке жарамсыздықта болуына байланысты жәрдемақы ретінде артық қаржыларды иемдену арқылы жымқырған. 
2014 жылы 2 186 824 теңге, 2015 жылы 741879 теңге, 2016 жылы 42862 теңге, 2017 жылы 242655 теңге өзіне штаттық кестемен белгіленіп көрсеткен еңбек ақысына артық көрсетіп отырған. Нәтижесінде мемлекетке 3 214 220 теңге мүліктік залал келтірілген.
Сот мәжілісінде, сотталушы О.-ва өзінің кінәсін толық мойындап, аталған іс әрекетіне өкінетіндігін айтты.
Сот үкімімен,  сотталушы  О.-ва, ҚР ҚК-нің 189 бабы 3 бөлігі, 1 тармағымен кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылып, қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкі тәркіленіп, ҚР ҚК-нің 63 бабына сай жаза шартты деп есептеліп оған 5 жыл сынақ мерзімі белгіленді.
Пробациялық бақылау белгіленді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
 
Қайнар: Жуалы аудандық сотының баспасөз қызметі