Есірткінің заңсыз айналымымен байланысты қылмыстық істерді қарау ерекшеліктері

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Есірткінің заңсыз айналымымен байланысты қылмыстық істерді қарау ерекшеліктері» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинарға сот төрағасы А.С.Тлепов және судьялар К.А.Кенжебеков, Л.И.Ильясова қатысты.
Семинар барысында судья К.А.Кенжебеков облыс соттарымен «Есірткінің, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қатысты істер бойынша заңнаманы қолдану туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 14 мамыр 1998 жылғы № 3 нормативтік қаулысының ережелеріне негізделе отырып, есірткі заттарының заңсыз айналымымен байланысты қылмыстық істерді қарау бойынша нақты тәжірибе қалыптасқандығын атап айтты.
Сонымен бірге судья К.А.Кенжебеков есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қатысты санаттағы қылмыстық істер бойынша заңнаманы қолдану тәжірибесі туралы айтып, осы санаттағы қылмыстық істер санының жылдан жылға артып жатқандығын көрсетіп, статистикалық деректер келтірді.
Іс шара соңында семинарға қатысушылар есірткінің заңсыз айналымымен байланысты қылмыстық істерді қарау ерекшеліктері аясында пікір алмасып, судья К.А.Кенжебеков тақырып аясында туындаған барлық сұрақтарға жауап берді.
 
Қайнар: Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі