«Электрондық қылмыстық іс» пилоттық жобасын жүзеге асыру Жамбыл аудандық сотында жалғасын табуда

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
«Электрондық қылмыстық іс» пилоттық жобасын жүзеге асыру аясында Жамбыл аудандық сотында ҚР Жоғарғы Сот өкілдерінің, аудандық  ішкі істер бөлімі, аудандық прокуратура өкілдерінің қатысуымен қамақта ұстауды санкциялау туралы өтінішхатты электронды алмасу жүргізілді.  
Өтінішхат қосымша құжаттарымен бірге электронды түрде сотқа түскеннен кейін, кеңсе маманы прокурордың электронды қолтаңбасының дұрыстығы мен материалдардың толықтығын тексеріп, материалды тіркеп, тергеу судьясына автоматты түрде бөлуді жүзеге асырды.  
Тергеу судьясы қамақта ұстауды санкциялау туралы материалды қарап, «Төрелік» жүйесіне дәйекті қаулыны енгізді. Қаулыға қол қойғаннан кейін өтінішхатты қарау нәтижесі «Тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйесіне автоматты түрде жолданды.
 
Қайнар: Жамбыл аудандық сотының баспасөз қызметі