Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-1 бабы 1 бөлігі (ары қарай- ҚР ӘҚБтК) (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасаған С.С-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, 2017 жылдың шілде айының 03 жұлдызында сағат 12.30 шамасында  құқық бұзушы С.С. Жамбыл ауданы, Еңбек ауылы, Қапал көшесінде орналасқан жәбірленуші А.С-ның үйінің алдында жанжал шығарып, жәбірленушіні бірнеше рет ұрған. Осылайша, ол жәбірленушінің денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтірген.
Сот қаулысымен құқықбұзушы С.С. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-1 бабының 1-бөлімімен кінәлі деп танылып, оған осы баппен он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде яғни 34 035 теңге әкімшілік айыппұл салынды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.                 
 
Қайнар: Жамбыл аудандық сотының баспасөз қызметі