Дауды медиация тәртібімен шешу туралы келісім бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жуалы аудандық сотымен талап қоюшы Т.-ың жауапкер С.-пен  жол-көлік оқиғасы нәтижесінде келтірілген материалдық шығынды өндіріп алу туралы азаматтық ісі қаралды.
Өзінің талап арызында, талап қоюшы Т.-ев 2017 жылы наурыз айының 31 жұлдызында сағат 20.10 шамасында, Тараз қаласының Қойбақов көшесінің бойында талап қоюшының автокөлігі жауапкерге тиесілі жылқысымен соқтығысқан. Жауапкер аталған уақытта ешқандай ескерту белгі берместен жолдың сол жағынан 20 бас жылқыны айдап өткен. Соның салдарынан талап қоюшының көлік құралын тоқтатуға техникалық мүмкіншілігі болмаған.
Өзінің талап арызында талап қоюшы соттан жауапкерден 252817 теңге материалдық шығын және 2358 теңге мөлшерінде мемлекеттік баж төлеуге кеткен сот шығынын өндіруді сұраған.
Сот отырысында талап қоюшы мен жауапкер дауды медиация тәртібімен шешу туралы келісім жасап, аталған келісімге сәйкес жауапкер өтемақы ретінде талап қоюшының есеп карточкасына 255000 теңге материалдық шығынды 2018 жылдың 10 ақпанына дейін төлеуге келісті. Өз кезегінде медиациялық келісімнің жасалуына сай талап қоюшы өзінің талап арызынан бас тартты.
Соттың ұйғарымымен, азаматтық іс бойынша дауды медиация тәртібімен  реттеу туралы келісімі бекітіліп, материалдық шығынды өндіріп алу туралы азаматтық іс өндірісімен тоқтатылды.
2358 тенге мөлшеріндегі мемлекеттік баж талап қоюшыға қайтарылды.
Ұйғарым заңды күшіне енбеген.
 
 
Қайнар: Жуалы аудандық сотының баспасөз қызметі