Банктік шарт бойынша қарыз өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысы Тараз қалалық сотында талап қоюшы "Банк"АҚ-ның Ш.-тан қарыз сомасын өндіру туралы азаматтық ісі оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу арқылы қаралды.
Өз талап арызында талап қоюшы "Банк"АҚ мен жауапкер арасында 12.08.2008 жылы 2 300 000 теңге қарыз ақшаны мерзімі 102 айға кредит беру туралы келісім шарт жасалған. Алайда, жауапкер банктік қарыз шарты бойынша өзіне алған міндеттемені бұзған.  Қазіргі таңда жауапкердің қарызы 1 390 293 теңге құрайды.
Сот шешімімен талап-арыз толығымен  қанағаттандырылды. Талап қоюшы "Банк"АҚ-нің пайдасына Ш.-тан 1 390 293 (бір миллион үш жүз тоқсан мың екі жүз тоқсан үш) теңге қарыз, 20 904 (жиырма мың тоғыз жүз төрт) теңге көлемінде мемлекеттік баж алымы өндірілді.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
 
Қайнар: Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі