«Азаматтық істерді сот мұрағатына тапсыру мерзімі мен тәртібі» тақырыбындағы семинар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Байзақ  аудандық сотында «Азаматтық істердің сот кеңсесіне, мұрағатына тапсыру мерзімі мен тәртібі» тақырыбында семинар сабағы өтті. Іс-шараға кеңсе меңгерушісінің м.а. А.Каржауова және аудандық сот қызметкерлері қатысты.
Семинардың модераторы ретінде мұрағатшы Б.Байгонысова сөз сөйледі, ол келесі мән-жайларды түсіндірді.
«Құжаттарды сот мұрағатына қабылдауды жүзеге асыру, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, қаралған сот істерін енгізілген тәртіп бойынша пайдалану және есепке алу, жұмыс жоспары, семинар сабақтары, жиналыс хаттамалары, талдау және талдап қорытындылау, хат алмасу нарядтарын және т.б. соттың істер номенклатурасына сай қабылдау болып табылады».
Семинар соңында сот мамандарымен сот мұрағатына тапсыру үшін істерді дайындау кезінде туындайтын проблемалық жағдайларды талқылады және ұсыныстар әзірледі.
                                                                         
Қайнар: Байзақ аудандық сотының баспасөз қызметі