Ата-аналық құқығынан айыру туралы дау медиациялық келісім тәртібімен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында талап қоюшы В.С жауапкер К.Л.-ға қатысты ата-аналық құқығынан айыру туралы азаматтық ісі қаралды.
Істі сотта әзірлеу барысында сот тараптармен әңгіме жүргізіп, медиация тәртібімен дауды шешуге болатындығы түсіндірілді.
Істі қарау барысында, тараптардан сотқа дауды медиация тәртібімен реттеу туралы  өтініш хат беріліп, кәсіби медиатордың қатысуымен  талап қоюшы  В.С. талап арызынан бас тартқаны жөнінде  ал, жауапкер  К.Л. кәмелетке толмаған Л.Б-ның тәрбиесіне белсенді түрде араласатындығы туралы келісім жасасқан.
Тараптар медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді сотпен бекітіп,  ҚР АПК-нің 277-бабы 6-тармағының талаптарына сай, мемлекеттік баж 1135  теңге  талап қоюшы  В.С-ға  қайтарылып,  кәмелетке толмаған баланың тәрбиесі, құқықтары мен  қызығушылығына нұқсан келтірілмейтіндей келісімге келді.
Соттың ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.
 
Қайнар: Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі