Алаяқтық әрекеттер жасаған тұлға Тараз қаласы №2 сотында сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тараз қаласы  №2 сотында  Қазақстан Республикасы ҚК-нің190-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен (мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам не оған теңестірілген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаған алаяқтық, егер ол өзінің қызмет бабын пайдаланумен ұштасса) айыпталып сотқа берілген Б-ға қатысты қылмыстық іс қаралып аяқталды.
2016 жылдың қазан айында азамат Ч. «Тараз-су» мекемесінің бақылаушысы ретінде өзінің жұмысын атқарып жүріп, үйдің су пайдалануға рұқсат беретін кұжаттарын тексеру барысында сол уақытта Жамбыл облысы бойынша төтенже жағдайлар Департаментінің  Тараз қаласы №3 өрт сөндіру бөлімінде қарауыл басшысы болып жұмыс істейтін Б-мен танысқан. Сөйлесу барысында Ч. Б-ның Жамбыл облысы бойынша төтенже жағдайлар Департаментінің өрт сөндіру бөлімінде жұмыс істейтін біліп, оған бақылаушының жұмысы қиын, әрі жалақысы аз екенін айтып, оны бір жерге жұмысқа тұрғызуын өтінген. Б. өз кезегінде Ч.-ға оны Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-кұтқару қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға құтқарушы ретінде жұмысқа орналастыратынына сөз берген. Сонымен, Б.-ның сөзінен Ч-ны аталған жұмысқа орналастыру үшін сыйақы ретінде 200 000 теңге төлеу қажет болған. Осыдан кейін Ч. Б-ның алаяқтық жолмен оның ақшасын иемдену туралы пиғылын білмей, оған 100 000 теңге беріп, қалған сомасын жұмысқа орналасқаннан кейін беретіне сөз берген.  Осы соманы алғаннан кейін Б. Ч-ға жұмысқа орналасуға қажет құжаттардың барлығын аталған кәсіпорынның кадр бөліміне өткізгенін және бірнеше күннен кейін оған бұйрық шығатынын хабарлаған.
Бірақ, 2016 жылдың қараша айында Ч. өз бетінше «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-кұтқару қызметі» мекемесіне жүгініп, ешкім оған қатысты құжаттарды өткізбегенін анықтаған.  Осыдан кейін, Ч. Б-дан алданғанын біліп,  5 желтоқсан 2016 жылы Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Департаментіне Б-ның заңсыз іс-әрекеттеріне қатысты арызданған.
Тараз қаласы №2 сотының 05.04.2017 жылғы үкімімен Б. ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігімен (алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікке құқықты иемдену) кінәлі деп танылып, оның меншігіндегі қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте барлық лауазымды жұмыс атқару құқығынан 7 (жеті) жыл мерзімге айыра отырып және «азаматтық қорғау майоры» арнаулы атағынан айырылып, 2 (екі) жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының 2-бабының 1-бөлігіне сай Б. негізгі бас бостандығын шектеу жазасынан босатылған.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.      
 
Қайнар: Тараз қаласы № 2 сотының баспасөз қызметі