Адам өлтіруге оқталғаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің (ары қарай ҚР ҚК-нің) 24-бабының 3-бөлігі - 99-бабының 1-бөлігімен (адам өлтіруге оқталу), айыпталып сотқа берілген С-ға қатысты қылмыстық істі қаралып аяқталды.
Істің құжаттарына сәйкес, 11 шілде 2017 жылы шамамен 14:00 сағатта, сотталушы С., әйелі А-мен бірге, соңғының ағасы Б-ның үйіне жиенінің туған күнін тойлау үшін келіп, спирттік ішімдігін ішкен.
Туған күн мейрамы біткеннен кейін, С. өзінің отбасымен бірге үйіне қайтқан. Шамамен 21:00 сағатта, А-ның ұялы телефонына әпкесі Ж. хабарласып, ағасы Б. мас күйінде әйелін ұрып жатқанын айтқан, осыдан кейін А. жолдасы С-мен бірге болған жағдайды шешу үшін ағасының үйіне барған. Сонымен бірге С. өзімен бірге ас үй пышағын ала барған.
Б-ның үйіне келген кезде, сотталушы С. және Б-ның арасында алкогольді мас күйінде жан-жал туындап, төбелеске ұласқан. Төбелес барысында С. Б-ны қасақана өлтіру мақсатында, өзінде болған ас үй пышағымен қаруланып, жәбірленуші Б-ның кеуде қуысының сол жақ тұсынан, өкпесінің сол жағын зақымдай отыра, жарақат келтірген.
Осы уақытта жақын жерде болған А., Ж., сондай-ақ Б. сотталушы С-ның тарапынан орын алған құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу мақсатында соңғыны ажыратқан. Осыған байланысты С. басқа адамды қасақана қазаға ұшыратуға бағытталған өзінің қылмыстық пиғылын өзінің еркіне байланысты емес мән-жай бойынша ақырына дейін жеткізе алмаған.
Соттың үкімімен С. ҚР ҚК-ның 24-бабының 3-бөлігі – 99-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылды. 
ҚР ҚК-нің 14-бабының 2-бөлігінің 2-тармағымен С-ның әрекетінде қылмыстың қауіпті қайталануы танылды.
ҚР ҚК-ның 24-бабының 3-бөлігі – 99-бабының 1-бөлігімен С-ға 8 (сегіз) жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
ҚР ҚК-нің 60-бабының 1-бөлігімен болып өткен соттың үкімімен тағайындалған  жазаның өтелмеген бөлігін ішінара қосу арқылы, бас бостандығын шектеудің бір күнін бас бостандығынан айырудың бір күні есебінде, түпкілікті С-ға 8 (сегіз) жыл 6 (алты) айға бас бостандығынан айыру жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемесінде өтеу тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.       
 
 
Қайнар: Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі