Тараз қалалық сотының судьялары семинарға қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тараз қалалық сотының судьясы Манкетегі Бауыржан Елбасының республика судьялардың VII съезінде қойылған тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты дауларды сотқа дейінгі реттеу процедураларын қолдану аясын кеңейту, азаматтардың сот шығындарының азайтылуы, жұртшылық арасында дауларды медиация тәртібімен сотқа дейнгі реттеуге ынталандыру   мақсатында   пилоттық жобаны іске қосқандығын атап айтты. Аталмыш жоба мұрагерлік, неке бұзу және мүлікті анықтау, қарыз келісімшарттары бойынша, сақтандыру, пәтерден шығару туралы, кондоминимумды басқару мәселелері даулары бойынша міндетті түрде медиация жүргізуді қамтиды.   
Тараз қалалық сотымен пилоттық жоба бойынша жұртшылық арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатырғаны аталып өтілді. Сот ғимараттарында сот медиациясының қолданылу механизмі қамтылған ақпараттық стендтер, облыстық соттың  интернет-ресурстарында пилоттық жобаның жүзеге асырылуы жайында ақпараттар орналастырылып, сот медиациясын қолдану туралы «дөңгелек үстелдер» мен оқыту семинарлары жүргізілуде.
«Халықаралық Құқық Қорғау орталығы» ҚБ-нің басшысы Ж.Жакупов медиация жүргізу және дауларды шешудегі медиаторлардың рөлі туралы, медиаторлардың байланыс құрылғылары, медиацияның қолданылуы және азаматтық, қылмыстық, отбасы, еңбек, діни, әлеуметтік дауларды реттеудің ерекшеліктері  туралы кеңінен тоқтады.
Іс-шара даулардың жекелеген санаттары бойынша  медиация тәртібімен сотқа дейнгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобасының жан-жақты талқылануымен аяқталды.
 
 
Қайнар: Тараз қалалық сотының баспасөз қызметі