Жуалы аудандық сотында көктемгі сенбілік өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жуалы аудандық сотының ұжымы аудандық сот ғимаратының аумағын санитарлық тазарту және абаттандыру шарасы шеңберінде  сенбілік өткізді.
Судьялар мен сот қызметкерлері сот ғимаратының ауласын жедел түрде тазарту мақсатында абаттандыру жұмыстарын ұйымшылдықпен атқарып, тротуарлар мен көлік тұратын жерлер және ғимараттың алдын тазалап өз үлестерін қосты.
Аталған қоғамдық іс шаралар, ғимараттың ауласын таза күйінде ұстап тұру мақсатында аудандық сотта жиі өтіп тұрады.
Бәрінің бас қосуына себеп болған бұл сенбілік бір жағынан барлығына бас қосып бірлесе қоғамдық жерлерді жақсартуға қосқан үлесі болып отыр.
 
 
Қайнар: Жуалы аудандық сотының баспасөз қызметі