Жеке айыптау тәртібімен қозғалған қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Байзақ аудандық сотында азамат Б. қатысты ҚР қылмыстық кодексінің 108 бабы (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру) бойынша қылмыстық іс қаралды.
Сарыкемер ауылының тұрғыны сотталушы Б. жәбірленуші М. ұрып-соғып дене жарақаттарын келтіріп, денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтірген.
Сот процессінде тараптардың медиация тәртібімен бітімгерлікке келуіне байланысты, жәбірленуші М. соттан қылмыстық істі қысқартып, медиациялық келісімді бекітуді сұрады.
Байзақ аудандық сотының қаулысымен Б. қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 108-бабы теріс қылық жасау бойынша қылмыстық іс тараптардың медиация тәртібімен татуласуына байланысты өндіріспен қысқартылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
 
Қайнар: Байзақ аудандық сотының баспасөз қызметі.