Жеке айыптау тәртібімен қозғалған қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Байзақ аудандық сотында азамат А.-қа қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 108-бабы (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру) бойынша қылмыстық іс қаралып аяқталды.
А. жәбірленуші С.-ны ұрып-соғып дене жарақаттарын келтіріп, денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтірген.
Сот процессінде С. соттан қылмыстық істі қысқартып, медиациялық келісімді бекітуді сұрады.
Тараптар іс бойынша медиаторға жүгініп, дауды медиация тәртібімен реттеу келісімін бекітіп және татуласты. Жәбірленуші тарапқа келтірілген залал толығымен өтелді.
Қылмыстық іс тараптардың медиация тәртібімен татуласуына байланысты өндірісімен қысқартылды.
Қаулы заңды күшіне еңген жоқ.
 
Қайнар: Байзақ аудандық сотының баспасөз қызметі