Жас «есірткі курьері» 10 жылға сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Сотпен психотроптық заттардың аналогы «мефедронды» аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз сақтау және тасымалдау бойынша айыпталған 21 жастағы Тараз қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды  (ҚК 297-б. 3-б. 3-т.)
 
Сотпен не анықталды:
2023 жылдың маусым айында сотталушы жеңіл табыс табу мақсатында, Telegram каналындағы топтардың бірі арқылы есірткі курьері, яғни «закладчик» болып жұмысқа орналасады.  
Қауіпсіздік шараларының белгіленген рәсімдерінен және жұмыс берушінің басқа да талаптарынан өткеннен кейін, сотталушының ұялы телефонына есірткінің жасырын орналасқан жері туралы геолокациясы бар ақпарат жіберілген. Сотталушы тауарды алып, оператор көрсеткен орындарда қалдыруға тиіс болған.
Оқиға орнына келген сотталушы тастың астынан қара изолентаға оралған бума түріндегі тауарды тапқан. Алайда сол күні көшеде кетіп бара жатқан қарапайым азаматтар есірткі курьерінің «лас» жұмысын көріп, оны өздері ұстап, полиция қызметкерлерін шақырған.
Жеке тінту жүргізу барысында полиция қызметкерлерімен сотталушыдан жалпы салмағы 5 грамнан асатын мөлшерде "мефедрон" салынған 10 пакет табылып, тәркіленген.
 
Позиция:
Сотта сотталушы өзінің кінәсін ішінара мойындай отырып, психотроптық заттарды өткізу мақсатынсыз, өзі үшін сақтағанын, тауар жеткізушіні алдап, өзіне қалдырғысы келегенін айтып көрсеткен.
 
Бірінші сатыдағы соттың үкімі:  
Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 23.01.2024 жылғы үкімімен:
Ш. кінәлі деп танылып (ҚК 297-б. 3-б. 3-т. бойынша), оған 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 
 
Апелляциялық шағымдарында не сұрады:
Сотталған және оның адвокаты сот үкімімен келіспей, шағымдарында апелляциялық сатыдағы соттан оның іс-әрекеттерін қайта саралауды (дәрежелеуді) сұрады. 
 
Апелляциялық сатыдағы соттың шешімі: 
Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы іс материалдарын зерделеп, 1-ші сатыдағы соттың қорытындыларын заңды және негізді деп, ал сотталған Ш.-ның кінәсі сотталғанның, куәлердің айғақтарымен, түрлі сараптамалардың қорытындыларымен және заттай дәлелдемелермен дәлелденген деп таныды. 
Процеске қатысушылардың апелляциялық шағымдары қанағаттандырусыз, сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды.
Қаулы заңды күшіне енді.
 
Бұл жағдай нашақорлық мәселесін ашық талқылаудың арқасында, ел болашағына алаңдаған азаматтардың есірткінің таралуына қарсы күреске атсалысып жатқандарының бірден бір көрінісі.
Себебі аталған іс бойынша көшеде кетіп бара жатқан қарапайым азаматтар есірткі курьерінің «лас» жұмысын көріп, оны өздері ұстап, полиция қызметкерлерін шақырған.
 
Біз барлық азаматтарды есірткі заттарын пайдалану мен сатуға бағытталған әрекеттерден аулақ болуға шақырамыз.
Сіздің өміріңіз есірткіден қымбат екенін есте сақтаңыз!
 
Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі