Жамбыл облысының судьялар корпусында жаңа тағайындаулар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Бүгін Жамбыл облыстық сотының төрағасы Ербол Ахметжанов судьялар қауымдастығына жаңа судьяларды таныстырды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 19 сәуірдегі №523 Жарлығымен судья лауазымына: Қордай аудандық сотына – Омарова Маржан Кәрімқызы, Шу аудандық сотына – Жарқымбаева Зәуре Даулетбекқызы тағайындалды.
Жаңадан тағайындалған судьялар салтанатты түрде ант қабылдады.
Облыстық соттың төрағасы Е.Ахметжанов судьяларды тағайындалуымен құттықтап, жаңа қызметтеріне табыс пен сот төрелегін сапалы жүзеге асыруды тіледі.
 
Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі