Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында азаматтық іс медиация тәртібімен аяқталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен талап қоюшы «Таразэнергоцентр» АҚ жауапкер «О» ЖК-нан пайдаланған жылу энергиясы үшін 150 718 (бір жүз елу мың жеті жүз он сегіз) теңге көлеміндегі қарыз сомасын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.
Азаматтық істі қарау барысында тараптар бітімгершілік келісімге келді және сотқа келісімді бекіту туралы арызбен жүгінді. Бітімгершілік келісімнің шарттары бойынша «Таразэнергоцентр» АҚ талап-арыз шарттарынан бас тартты, ал «О» ЖК ағымдағы жылдың қараша айының 25 жұлдызына дейін 53 000 (елу үш мың) теңге қарыз сомасын төлеуге міндеттенді.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 277 бабының 5-тармағына  сай,  тараптар дауды бітімгершілік тәртібімен реттеу келісіміне келгендіктен, сот іс бойынша өндірісті қысқартты.
Сот тараптарға жасалған процессуалдық келісімнің салдарын ескертіп, бітімгершілік келісімді бекітті.
Талап қоюшыға төленген 5 655 (бес мың алты жүз елу бес) теңге мемлекеттік баж төлемі қайтарылды.
Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.  
 
Қайнар: Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі