Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының құрылуына 5 жыл толуына орай ғылыми конференция өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына 5 жыл толуына орай, «Қазақстан рухани жаңғыру жолында: Бала. Құқық. Тәрбие» атты тақырыпта  М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетінде ғылыми конференция өткізілді.
Аталған іс-шараға облыс судьялары, мемлекеттік мекемелердің басшылары мен өкілдері, Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері, ювеналды кеңес адвакаттары, медиаторлар, Үкіметтік емес ұйымдардың, оқу орындарының және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.
Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Жомарт Рүстембеков құттықтау сөзінде, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соттардың құрылуы Қазақстанда ювеналды әділет жүйесінің дамуына алып келетін маңызды қадамның бірі екендігі атап өтті.
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотының төрағасы Ербол Дүйсенбаев алғы сөзінде, Мемлекет басшысының 2012 жылғы 4 ақпандағы Жарлығымен ювеналды соттар құрылғанын және Орта Азиялық мемлекеттердің ішінде тек Қазақстан Республикасында бүгінгі күнде 19 ювеналды соттар жұмыс істеуде екендігін атап өтті. Ювеналды соттардың басты мақсаты, ол кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігін жүзеге асыру барысында балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау болып табылатынын айтты.
Іс-шара барысында қатысуышалрдың назарына Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қүрылуына 5 жыл толуына арналған бейнеролик көрсетілді.
Сонымен қатар ғылыми конференцияда М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің заң факультетінің деканы Қайрат Нұрманбетов, Тараз қалалық маслихатының депутаты Серікбол Берікқожа, медиатор Роза Бахова, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің басшысы Мұхтар Керімбеков, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның хатшысы Бақыт Жақсылықова, Тараз қалалық прокуратурасының аға прокуроры Индира Саттибаева баяндама жасады.
Тараз қаласы арнаулы мектебінің бұрынғы оқушылары Диана Рыбакова, Екатерина Баркова және Қ.Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйінің тәрбиеленушісі Сымбат Жұлдызбай құттықтау және алғыс сөздерін білдірді.    
Ғылыми конференция соңында бітімгершілік рәсімдерін дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Іс-шара соңында конференция қатысушыларына алғыс хаттар, сондай-ақ Ювеналды соттың судьясы мен жұмысымен ерекшеленген мемлекеттік қызметкерлеріне құрмет грамоталары табыс етілді.
 
Қайнар: Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі