Жамбыл облысының экономикалық сотында заңды тұлғаны тіркеуді (қайта тіркеуді) жарамсыз деп тану бойынша өзекті мәселелер талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Заңды тұлғаны тіркеуді (қайта тіркеуді) жарамсыз деп тану» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ж.Рүстембеков, Жамбыл облыстық сотының судьясы А.Әкетаев, Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары, прокуратура, әділет, мемлекеттік кірістер органдарының және кәсіпкерлер Палатасының өкілдері қатысты.
«Заңды тұлғалардың тіркеуінің және қайта тіркеуінің күшін жою туралы талап арыздарды қараудың сот тәжірибесі» тақырыбында Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Г.Ажакаева, заңды тұлғаларды тіркеудің (қайта тіркеудің) күшін жою туралы өзекті мәселелермен Тараз қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Е.Зикеев және Тараз қаласы бойынша  Әділет басқармасының заңды тұлғаларды тіркеу бойынша жұмысты ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Е.Ерғалиұлы баяндама жасады.
Іс-шараны аша отырып, азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ж.Рүстембеков «Аталған тақырыптың өзектілігі, кәсіпкерлік субъектілері заңды тұлғаны жаңадан құру немесе қайта тіркеу кезінде әртүрлі себептермен заң бұзушылықтарға жол беруіне байланысты, көп жағдайларда салық органдары осындай талап арыздармен жүгінуде бастамашылық етеді» деп, атап өтті.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар қорытындыланып отырған санаттағы істер тек прокурорлармен және салық органдарымен ғана берілетін болғандықтан, ал істер тек мамандандырылған экономикалық соттармен қаралатынын атап өтіп, талап арыздардың дұрыс жасалуы бойынша бірыңғай тәжірибе қалыптастырылуына шаралар қабылдап, талап қоюшыларға мекемеге қатысты еместігін дәлелдейтін және заңды тұлғаның кейінгі қызметі туралы дәлелдемелерді ұсыну қажеттігі туралы айтылды.
Соңында қатысушылар осындай жиындардың маңыздылығын атап өтті.
                                                                    
Қайнар: Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі