Жамбыл облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотта жаңа қылмыстық заңнама талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Дөңгелек үстелге Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы мен судьялары, Жамбыл облыстық соты оқу орталығының үйлестірушісі, ішкі істер департаментінің, прокуратура, адвокатура, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылармен жаңа қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнаманың, сонымен қатар сот өндірісінің нормаларын қолдану мәселелері, алқабилердің қатысуымен қылмыстық істерді қарау ерекшеліктері, сот тәжірибесіне  «қылмыстық теріс қылық», «тергеу судьясы», «процесс прокуроры», «айғақтарды сақтауға қою», «кінәні мойындау туралы мәміле» секілді және тағы басқа жаңа институтарды енгізу тетіктері жан-жақты талқыланды.

Бұдан бөлек талқылау барысында адам саудасына қарсы мәселелер де қарастырылды.

 

Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі