Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотындағы семинар сабағы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өткізілген семинар шеңберінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы талқыланды.
Іс-шараға сот төрағасы А.Тлепов, судьялар А.Маликова және Л.Ильясова қатысты.
А.Тлепов 11 шілде 2017 жылғы № 91-VI Заңымен енгізілген өзгерістер және толықтыруларды судьялардың назарына жеткізді, сонымен бірге аталған Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, яғни 25.07.2017 жылы қолданысқа енгізілетінін айтып өтті.
Семинар барысында қатысушылар өзара пікір алмасты және тиісті түсініктемелер берілді.
Семинар соңында сот төрағасы қатысушыларға заңнаманың талаптарын қатаң сақтауды, заң бұзушылықтарға жол бермеуді тапсырды.
 
Қайнар: Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі