Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында мемлекеттік қызметкердің әдебін сақтау мәселесі бойынша семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Мемлекеттік қызметкердің мінез-құлық этикасы» тақырыбында семинар өткізілді.
Іс-шараға кеңсе меңгерушісі Қ.Назарқұлова және сот қызметкерлері қатысты.
Семинар барысында Қ.Назарқұлова мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасы қағидаларының негізгі ережелерін түсіндірді. Сонымен бірге, мемлекеттік қызметшілер жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауы, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуы, мемлекеттік  және еңбек тәртібін бұлжытпай сақтауы, өзінің әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан сынға түсуге жол бермеуге, басқа мемлекеттік қызметкерлер тарапынан жемқорлыққа және қызметтік әдеп нормаларының бұзылуына жол бермеуге бағытталған шаралар қабылдауы тиіс екенін айтып өтті.
Сонымен қатар, қатысушалардың назары «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі» және «Сот мамандарының мінез-құлық стандарттары» талаптарының сақталуына аударылды.
Іс-шара соңында семинарға қатысушылар өзара пікір алмасты.
 
Қайнар: Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі