Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өткізілген семинар шеңберінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы талқыланды.
Іс-шараға сот төрағасы А.Тлепов, судья Л.Ильясова, кеңсе меңгерушісі Қ.Назарқұлова және сот қызметкерлері қатысты.
А.Тлепов 03 шілде 2017 жылғы № 84-VI Заңымен енгізілген өзгерістер және толықтыруларды судья мен сот қызметкерлерінің назарына жеткізді, сонымен бірге аталған Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, яғни 14.07.2017 жылы қолданысқа енгізілетінін айтып өтті.
Семинар барысында қатысушылар өзара пікір алмасты және тиісті түсініктемелер берілді.
Семинар соңында сот төрағасы қатысушыларға заңнаманың талаптарын қатаң сақтауды, заң бұзушылықтарға жол бермеуді тапсырды.
 
Қайнар: Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі