Жамбыл облыстық сотының төрағасы облыс тұрғындарының сұрақтарына жауап берді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облыстық сотының төрағасы Рүстем Алшынбаев облыс тұрғындарымен кезекті онлайн конференциясын өткізді.
Қатысушылар облыстық соттың төрағасына өздерінің сұрақтарын үздіксіз жұмыс атқарып тұрған соттың интернет-ресурсы арқылы, сонымен қатар соттың электрондық поштасына да жолдады.
Конференцияны өткізу барысында 11 сұрақ түсті. Қойылған сұрақтардың басым бөлігі сот процесіндегі құқық мирасқорлық, неке және отбасылық қатынастар, жетім балаларға қорғаншылықты анықтау, сот арқылы бөтен адамнан мүлікті талап ету, діни әдебиеттерді мәжбүрлеп берген тұлғаның жауапкершілігі туралы мәселелерді қамтыды.
Түскен сұрақтар кідірмей өңделіп, онлайн-диалогтың қатысушылары қойған сұрақтарына толық жауаптар алды.
Облыстық соттың төрағасы халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, аймақтағы сот корпусының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында облыс тұрғындарымен онлайн-кездесулерді тұрақты түрде өткізіп отырады.
 
Қайнар: Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі